Негізгі бет / Жаңалықтар / Игорь Рогов жаңа қызметке тағайындалды Игорь Рогов жаңа қызметке тағайындалды

2017 жылдың 14 желтоқсанында  Игорь Иванович Рогов Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорына атқарушы директордың орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры  - 2000 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған елдегі ең ірі коммерциялық емес қор. Қордың жұмысы талантты жастарды қолдап, әлеуметтік жобаларды және  азаматтық бастамаларды дамыту, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті аналитикалық-сараптамалық орталықты өркендетуге бағытталған.

 


http://www.inform.kz/kz/igor-rogov-zhana-kyzmetke-tagayyndaldy_a3097190