Негізгі бет / Жаңалықтар / Өмірімдегі тарихи сәт Өмірімдегі тарихи сәт

Өмірімдегі тарихи сәт

 

 

Бүгін мен үшін ерекше күн! Себебі, білімнің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Түлектер Қауымдастығының шәкіртақы иегері атандым. Бүгінгі күні осындай  белсенді студенттерге  қолдау көрсетіп, қуанышына себепкер болып отырған университетіміздің ректоры академик Ғалымқайыр Мұтанұлының бастамасымен құрылған қауымдастықтың басшылығына өз  ризашылығымды білдіремін. Факультетімнің биылғы түлектері ішінен үздік студент атанғаныма университетіміздің он төрт факультеттерінің үздіктерімен бір сахнада марапатқа ие болғанымда, көзіме жас келді. Барша ҚазҰУ түлектер  буынының ынтымақтастығын күшейту және түлектер бірлігі, олардың  өзін өзі танытуы мен әлеуметтік дамуына ықпал етуді мақсат еткен Түлектер Қауымдастығының еңбектеріне толағай табыстар тілеймін!

 

Сембек Айдана Сейілбекқызы

Экономика және бизнес жоғары мектебі

 

4-курс студенті