Негізгі бет / Жаңалықтар / Үздік университеттің үздік түлегі атандым Үздік университеттің үздік түлегі атандым

Үздік университеттің үздік түлегі атандым

 

Қара шаңырақ, білім ордасы әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әр жылы өз ісінің мамандарын даярлайды. Үздік университет үздік түлектерін жыл сайын марапаттап отырады. Мен, филология және әлем тілдері факультетінің төртінші курс студенті Садық Ақбота, ҚазҰУ түлектер күніне орай өткен салтанатты іс-шарада түлектер қауымдастығының арнайы ұсынған шәкіртақы иегерлерінің  қатарында болғаныма қуаныштымын.Марапатты елімізге елеулі, халқымызға қалаулы Арманжан Байтасов мырзаның қолынан алу мен үшін үлкен құрмет! Сахна төріндегі сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес.  Қуаныш... Мақтаныш... Алға деген ұмтылыс... Осы сөздердің мағынасы жанарым мен жүрегімде көрініс тапты. Сапалы білім, мәдени даму және бірлік, жастар кәсіпкерлігі мен ғылымды дамыту, еріктілер қозғалысын өркендету сияқты келелі мәселелерде жастарды қолдап жүрген, күллі жасқа үлгі Арманжан Байтасовтың жылы лебізін, құттықтауын  есту өмірімдегі тарихи сәттердің бірі болып қалмақ!

ҚазҰУ- армандар орындалатын мекен!

 

Садық Ақбота Серікқызы

Филология және әлем тілдері

 

факультетінің 4- курс студенті