Негізгі бет / Жаңалықтар / ҚазҰУ мақтанышым! ҚазҰУ мақтанышым!

ҚазҰУ мақтанышым!

Қаншама түлектердің арманы болған ҚазҰУ-да білім алуым үлкен армандарымның бірі еді.Студенттік күндерім басталғаннан, айналадағы адамдармен араласуға, белсенді болуға итермеледі. Осылайша студенттік өмірімнің тармақтары басталып кетті.

          Студенттік шағымның ең қызықты өткеніне себепкер болған, әрине ол «студенттік кеңес» ұйымымен тығыз байланыста. Себебі, 1-курс болып келгенімде, осы ұйымға қосылып төрт жылымның қалай зулап өткенін байқамай да қалыппын. ҚазҰУ стуенттердің жағдайын жан-жақты қарастырған. Соның ішінде белсенді студенттерге мотивация боларлықтай жыл соңында марапаттар мен шәкіртақы бөліп отырады. Ол дегеніміз студенттердің қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысуына ықпалын тигізеді. Ауылдан енді ғана келіп, ҚазҰУ қалашығын көргенде, алдыма үлкен мақсат қойған болатынмын – осы оқу орнын абыроймен бітіремін деп. Сол мақсатым орындалды десем болады.

          27.05.2017 күні ҚазҰУ-да түлектер күні болды. Біз бітіруші түлек болғандықтан бізге үлкен сый, үлкен қуаныш сыйлаған күн болды. Оның айғағы, «Оқудағы үздік көрсеткіштері мен университет қабырғасындағы қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқаны үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының шәкіртақысы философия және саясаттану факультетінің 4-курс студенті МӘЛІКОВА БАҒЖАН ҚАЗИХАНҚЫЗЫНА табысталады» деп 100 000 теңгелік сертификатты ұстатқанда қуанғаннан аспанға секірердей болдым.

          Мұндай сертификатты ҚазҰУ-дың 14 факультетінің ең үздік 14 студенті ғана ие болатын марапаттау. Ризамын, осы марапатым төрт жыл уақыт аралығындағы еңбегімнің жемісі десемде болады. ҚазҰУ-да білім алған әрбір студент білуі қажет, өзінің білім алып жатқан ордасы әлемді мойындатқан оқу орны екенін. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығына орасан зор ықыласпен алғыс білдіремін! Жасай бер, ҚазҰУ, жайнай бер, ҚазҰУ!

Мәлікова Бағжан

Философия және cаясаттану факультетінің

 4-курс студенті