Негізгі бет / Жаңалықтар / Түлектерін мақтан тұтқан ҚазҰУ Түлектерін мақтан тұтқан ҚазҰУ

Түлектерін мақтан тұтқан ҚазҰУ

 

 

2017 жылдың 27 мамыры күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жылдағы дәстүр бойынша «Түлектер күні» аталып өтті. Бұл күн – ҚазҰУ-дың  әр жылдағы түлектерін, ұлан асыр еліміздің әр аймағынан жинап, басын қосатын атаулы күндердің біргейі болып табылады.

Мен үшін де 2017 жылғы Түлектер күні ерекше бір есте қаларлықтай, өйткені, мен осы жылы ҚазҰУ түлегі атанудамын. Сонымен қатар,  Университет қабырғасында 4 жыл танытқан белсенділігім бағаланып, бүгін де ҚазҰУ-дың 1992 жылғы түлегі, «United Media Group» компаниясының негізін қалаушы, «Forbes Kazakhstan» баспашысы Арманжан Байтасовтың қолынан Түлектер қауымдастығының арнайы стипендиясына ие болдым. Осы стипендияға лайық болған 2017 жылғы  14 түлектің арасында болу мен үшін мәртебе деп білемін. Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас буынға қолдау көрсетіп, Университет беделін арттырып,  білім алған қарашаңырақ ҚазҰУ-дың әрқашан қолдаушылары болып табылатын Түлектер қауымдастығына шексіз ризашылығымды және алғысымды білдіремін.

 

Мекесов Шамшинур

 

Механика-математика факультетінің студенті