Негізгі бет / Жаңалықтар / ҚазҰУ – арман қалашығы ҚазҰУ – арман қалашығы

ҚазҰУ – арман қалашығы

ҚазҰУ - менің бала күнгі арманым. Осыдан 21 жыл бұрын мен         ҚазҰУ қалашығында дүниеге келген болатынмын. Менің әкем осы қара   шаңырақтың түлегі, ең алғашқы үздік диплом иегері. Осы факторлар әсер  етті ме, әлде расында тағдыр қалауы осы ма, ес білгелі арманым ҚазҰУ-да оқу болатын. Жаратқанға шүкір! 11 жылдық еңбегім ақталып, 4 жыл          бұрын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар              факультетінің мемлекеттік грант иегері атандым. Ал бүгінде маған арман болған оқу орнының үздік түлектері қатарынан табылып отырмын.            Қуанышым мен мақтаныш сезімімді сөзбен жеткізе алмасым анық.            Аталмыш шәкіртақы иегері болу мүмкіндігін сыйлаған ҚазҰУ түлектер    қауымдастығына шексіз ризашылығымды білдіремін.  Дана, дара тұлғалар түлеп ұшқан, биік болсын ҚазҰУ-дың шаңырағы!

Қайратқызы Гүлістан

 

Халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенті