Негізгі бет / Жаңалықтар / Жұлдызды сәт Жұлдызды сәт

Мен, Жүнісбек Айғазы Дүйсебайұлы,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика – техникалық факультетінің 2016-2017 оқу жылының түлегімін. «ҚазҰУ түлектері күні» мерекелік іс-шарасында маған ҚазҰУ түлектері ассоциациясының шәкіртақысы берілді. Бұл сәтте өзімді ең бақытты адам сезіндім. Себебі, университет қабырғасында өткен төрт жылдың әр күнінде ғылым жолында аянбай еңбек еттім және дәл осы күні, 2017 жылдың 27-ші жұлдызында, ҚазҰУ түлектері ассоциациясының арқасында, мен өзімнің еңбегімнің ақысын алдым. Менің оқуда, олимпиадаларда көрсеткен жетістіктерім, физика-техникалық факультетінің ғылыми дамуына қосқан үлесім ҚазҰУ түлектері ассоциасы тағайындаған шәкіртақымен марапатталды. Сахнаның алдында марапатталу үшін өз кезегімді күтіп тұрған кезде, осыдан тура 4 жыл бұрын білім беру гранттарын беру бойынша өткізілген конкурстың нәтижелерін күткендей қобалжыдым. Міне, физика –техникалық факультетінің үздік түлегі деген сертификат табысталды, бұл менің сүйікті университетімнің қабырғасындағы жұлдызды сәтім болды.Мені жаңа жеңістер мен жетістіктерге рухтандырған ҚазҰУ түлектері ассоциациясына шын жүректен алғыс білдіремін. ҚазҰУ – жоғарғы білімнің бренді, жаңа мүмкіндіктер территориясы және Қазақстанның айтулы дамыған ғылыми орталықтарының бірі. Енді, ҚазҰУ менің де альма-матерім екендігіне ерекше мақтаныш пен жауапкершілікті сезінемін. Дәл осы сәттен, мен, Жүнісбек Айғазы Дүйсебайұлы, ҚазҰУ түлегі деген атты абыроймен алып жүремін деп салтанатты түрде ант етемін!

 

 

Жүнісбек Айғазы

физика-техникалық факультетінің

 

4-ші курс студенті