Негізгі бет / Жаңалықтар / ҚазҰУ білімді де, білікті жастар ордасы! ҚазҰУ білімді де, білікті жастар ордасы!

 

ҚазҰУ білімді де, білікті жастар ордасы

 


 

Қазағымыздың қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде мамырдың 21-жұлдызында Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жылда дәстүрлі түрде өтетін «Түлектер күні» аталып өтілді. Дәл осы күні Түлектер Қауымдастығының шәкіртақысын иелендік. Бұл шәкіртақыны табыстаған атақты ақын О.Сүлейменов болды. Осы атаққа мені лайық деп тапқаны үшін ең алдымен өз университетіме, факультетіме деген алғысым шексіз. Еңбегімнің жемісін бағалағаны үшін Түлектер ассоциациясына алғысымды білдіремін. 


Кенжебек Радмира Бердиярқызы

Биология және биотехнология факультетінің

3 курс студенті