Негізгі бет / Жаңалықтар / Өмірімдегі ең бақытты күн Өмірімдегі ең бақытты күн

Өмірімдегі ең бақытты күн

28 мамыр күні қарашаңырағымыз ҚазҰУ-да Түлектер күні аталып өткен болатын. Бұл күн менің мәңгі есімде қалатын ең керемет уақыт деп білемін. 4 жыл білім алған сүйікті университетімнен түлеп ұшып, үлкен өмір жолына қадам бастым. Сонымен қатар, осы күні ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының  арнайы 100 000 теңгелік шәкіртақысына ие болдым. Үздік білімі мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары қатарында жұмыс жасап, белсенділігімен көзге түскен 13 студенттің қатарында болғаныма, белгілі қоғам қайраткері, әрі өзім білім алған География және табиғатты пайдалану факультетінің түлегі Олжас Сүлейменовтың қолынан арнайы сертификат алу мүмкіндігі туғанына шексіз қуаныштымын. Осындай марапатқа лайықты деп тапқан ұстаздарыма, университет басшылығына ризашылығымды білдіремін. Қолдау білдіріп, үлкен мүмкіндік сыйлаған ҚазҰУ түлектер қауымдастық  ұжымына алғыс айтамын!

 

Бурлибаева Шуғыла,

География және табиғатты пайдалану факультеті