Негізгі бет / Жаңалықтар / Түлектер күні - орасан зор оқиға Түлектер күні - орасан зор оқиға

 

Түлектер күні  - орасан зор оқиға

Түлектер күні – бұл орасан зор оқиға болды. Ол туралы тек сөзбен жеткізу жеткіліксіз. "Альма-Матер" – осы сөздің түпкі мағынасын дәл осы сәттен бастап түсіндім. Гүл шоқтарын қою рәсімі, көптеген жиналған адамдардың "университетті бітірген түлектердің" бал-бұл жанған жүздері, олардың бойын кернеген қуаныш сезімі –  барша университеттегі салтанатты  атмосфера, өзінің бірлігі мен үйлесімі, маған бір бақыттың нышанындай болып көрінді.  Содан кейін, Студенттер Сарайында болған, қазіргі студенттер мен әртүрлі жылдардың түлектері қатысқан гала-концерт, марапаттау рәсімі және дәстүрлі Түлектер балы – осының бәрі мыңдаған  студенттердің жүрегін ерекше сезімдерге бөледі. Егер, қысқаша айтар болсақ, бүкіл рәсім жоғарғы деңгейде өтті! Менде, осы мерекенің куәгері ретінде тамаша әсерде болдым, бұл менің алғашқы әсерім және мүмкін, бір күні тамаша естеліктерге айналып кетеді де.


ТАЭФ-нің студенті, Ануаров Н. Т.