Негізгі бет / Жаңалықтар / Жасай бер, ҚазҰУ! Жасай бер, ҚазҰУ!

Жасай бер, ҚазҰУ!

 

 

 

Қара шаңырақ ҚазҰУ-да «Түлектер ассоциациясы» жоғары дәрежеде жұмыс атқаратындығы бәрімізге мәлім. Кез келген ҚазҰУ түлегі университетін мақтан тұтатындығы, құрметтейтіндігіжалған емес. Дәлел ретінде, 28 Мамыр күні Түлектер мерекесіне орай, арнайы өткізілген мерекелік концертті атап кетуге болады. Бұл атаулы күні ҚазҰУ қалашығына Республикамыздың беделді әрі атақты тұлғалары қадам басып, өздері білім нәріне сусындаған оқу орнының көптеген студенттеріне шәкіртақы ұсынып, сыйлықтарын сыйлады. Қайрат Мамидің бастауымен,барша ҚазҰУ түлектері жас студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, университетке деген ыстық махаббаттарымен бөлісті.Ұлттық университет тарихында мәңгілік сақталатын күн болды. ҚазҰУ-дағы «Түлектер ассоциациясына» үлкен алғысымды білдіремін. Бұл қауымдастыққа сәттілік, жұмыстарына табыс және еңбектеріне жеміс тілеймін. ҚазҰУ-дың алар асуы әрдайым биік болсын, ал «Түлектер ассоциациясы» киелі қара шаңырақтың дамуының, көркеюінің бірден-бір себебі болып жүре берсін. Жасай бер, ҚазҰУ!

 

Қамбатыр Зиярат