Негізгі бет / Жаңалықтар / 1996 жыл түлектері «Мәңгілік ел» науқанында 1996 жыл түлектері «Мәңгілік ел» науқанында

 

«Мәңгілік ел» акциясына 1996 жылғы түлектер қатысуда

 

Заң факультетінің 1996 жылғы түлектері студенттер мен түлектердің Салтанат аркасының құрылысына1 млн. теңге қаржылай салым жасады. Сонымен қатар олар, № 9,10,18 жатаханаларға және факультетке музыкалық аппаратураларды сыйға тартты.

 

Сый-сияпаттар 28 мамыр 2016 жылы, студенттер сарайында қошеметпен табысталды. Студенттер сарайының сахнасында 1996 жылғы түлектер, Мемлекеттік қызмет министірлігі жанындағы жеке қауіпсіздік департаментінің басшысы  – Дүйсенов Мақсат Керимбайұлы, ҚР Бас прокуратурасының басқарма басшысы – Маматаев Қадыржан, полковник және ҚазҰУ қалашығының директоры – Әбдікахар Ануарұлы сөз сөйледі.

 

1996 жылғы түлектер және өзгелер, ҚазҰУ-ды бітіргеніне 20 жыл толу айтулы датасын ерекше ықыласпен атап өтті.