Негізгі бет / Жаңалықтар / Меценаттар түлектер күнінде Меценаттар түлектер күнінде

 

Меценаттар түлектер күнінде



Студенттер мен түлектердің «Мәңгілік ел»  Салтанат аркасының құрылысына  ҚазҰУ түлектер қауымдастығы есеп шотына 1 млн. теңге көлемінде ерікті түрде салым жасалды:

Мұрат Сейдалиұлы Иманқұлов, «EQUUS Petroleum Plc»  компаниясының бас атқарушы директоры, 1990 жылғы тарих факультетінің түлегі.

Байқадам Аманұлы Абласанов, «EQUUS Petroleum Plc»  компаниясының бас атқарушы директоры, 1995 жылғы тарих факультетінің түлегі.

1996 жылғы заң факультетінің түлектері.

Студенттер мен түлектердің «Мәңгілік ел»  Салтанат аркасының құрылысына 1,5 млн. теңге көлеміндегі демеушілік салымды, химия факультетінің 1981 жылғы түлегі Катранова Зелина Ғаниқызы жасады.

Дәл осындай соманы Тахиржан Тұрсынұлы Баратов қауымдастық есеп шотына аударды. Ол «Orsu Metals Corp.» компаниясының атқарушы директоры, механика және қолданбалы математика факультетінің 1986 жылғы түлегі. Соның ішінде, 1 млн. теңге С.Тыныбеков кафедрасының эудаумент-қордағы есебіне, 500 мың теңгені Арка құрылысына арнады.

Меценаттра VIP-қонақтар қатарында 28 мамыр 2016 жылы ҚазҰУ түлектер күнін атап өту шарасына қатысты.

 

Студенттер мен түлектердің «Мәңгілік ел»  Салтанат аркасының құрылысына аударған салымдары үшін алғыс білдіреміз!