Негізгі бет / Жаңалықтар / Студенттерге шәкіртақы тағайындау Студенттерге шәкіртақы тағайындау

 

28 мамыр 2016 жылы Түлектер күнінде информатика саласы бойынша, механика-математикалық факультет студентіне, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі Айдарханов Махмет Бүркітбайұлы атындағы шәкіртақы табысталды.

 

Бияров Тілеухан Нұралдайұлы атындағы екінше шәкіртақы ақпараттық технологиялар саласы бойынша, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының  студентіне табысталды.


Жалпы сомасы 1 млн. 400 мың теңгені құрайтын шәкіртақыны Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы қошеметпен студенттерге табыстады. Ол – механика және қолданбалы математика факультетінің 1980 жылғы түлегі, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің, Ғылым комитетінің, Ақпарат және есеп технологиялары институтының Бас директоры, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі.