Негізгі бет / Жаңалықтар / Пресс-анонс Пресс-анонс

Пресс-анонс

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Түлектер Күні


         28-ші мамыр сағат 10.30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған әр кезеңдегі бітіруші түлектердің кездесуі өткізіледі.

Осы маңызды оқиғаларға байланысты қоғамдастық оқытушылары, студенттер мен бітіруші түлектері ҚазҰУ-нің аумағында "Мәңгілік ел" атты студенттік кампус архитектуралық кешенін құрды.

         Оның негізгі композициялық блоктары "Мәңгілік ел" студенттері мен түлектеріне арналған триумфальды қақпа,  монументалдық композиция "Темір Қазық" және алаңдағы  "Тай қазан" субұрқағы.

Бұл жоба бітірушілердің  ортасында ерікті жарналар салу негізінде жүзеге асырылған өте ауқымды құрылыс кешені болып табылады.

         Салтанатты Мереке  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен түлектерінің Салтанат Қақпасы іргетасының алғашқы тасы мен капсуласының қалануы және  Меценаттардың Кұрмет тақтасының тұсаукесер рәсімімен басталады.

         Түлектер Шығыстың ұлы ойшылы әбу-Насыр әль-Фараби ескерткіші мен академик Ө.А. Жолдасбеков монументіне гүл шоқтарын қояды.

Салтанатты жиын барысында ҚР-сы Жоғарғы Сотының Төрағасы, ҚазҰУ-нің түлектер Қауымдастығының Президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор, 1981 жылғы заң факультетінің түлегі Қайрат Мәмидің есебі тыңдалып, ең үздік студенттерге және кафедраларға бағалы сыйлықтар тапсырылып, Альма-Матер жетістіктері туралы фильмдер көрсетіледі, сонымен қатар ҚазҰУ-нің студенттері дайындаған мерекелік Гала-концертін тамашалайды.

         Әрі қарай, түлектерге дәстүрлі қалыптасқан салтанатты кездесу өз факультеттерінде жалғасын табады. Оқу корпусы мен аудиторияларда жаңа ұрпақ студенттерімен кездесіп, сұхбаттасады.

         Кешке  Әл-Фараби кітапханасының фойесінде дәстүрлі Түлектер балы өтеді. 

Мекен-жай: Алматы қаласы, әль-Фараби даңғылы 71, әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰУ-ні қалашығының Орталық алаңы, Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер Сарайы.

ҚазҰУ-нің түлектер Қауымдастығы: 3773360, WhatsApp+7 707 341 83 98

E-mail: kulgazira_777@mail.ru

ҚазҰУ-нің қызметтік байланыс телефоны  8(727) 3773148/49