Негізгі бет / Жаңалықтар / 28 мамыр 2016 жыл – ҚазҰУ түлектер күні 28 мамыр 2016 жыл – ҚазҰУ түлектер күні

28  мамыр 2016 жыл – ҚазҰУ түлектер күні

 

28 мамыр 2016 жылы ҚазҰУ қалашығында, Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында жалпы университеттік Түлектер күні өтеді. ҚазҰУ қалашығының басты алаңында сағат 9-да жиналамыз.

 

Алғаш рет Түлектер күні 2011 жылы 28 мамырда, университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының бастамасымен өткізілді. Содан кейін, жылда мамыр айының соңғы сенбісінде, Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында, Түлектер күні ұйымдастырылады. Бұл бастама, үлкен қолдауға ие болды. Қазақстанның, тіпті әлемнің түкпір түкпірінен түлектер жиналып, студенттік игі дәстүрлерді жаңғыртуда.

 

Сондай-ақ жоба шеңберінде, ҚазҰУ дамуының эндаумент-қорына ерікті түрде салым жасаған меценаттар мен демеушілерге қошемет көрсетіледі. Студенттер сарайының сахнасында, түлектер өздерінің кәсіби жетістіктерімен бөлісе отырып, салтанатты түрде студенттерге шәкіртақы ұсынып, факультеттер мен кафедралараға сый-сияпат сыйлайды. Дәстүрлі түрде, түлектердің қатысуымен гала-концерт өтеді. Содан соң, факультеттер қабырғасында түлектер кездесуі жалғасын табады. Мерекелік іс-шара, Әл-Фараби атындағы кітапхананың 4 қабатында орналасқан фоейде өтетін түлектер баллында аяқталады.

 

         Жоба, университет және факультеттер дәстүрлерін сақтап қалуға, сондай-ақ студенттердің бойында таңдаған мамандыққа деген сый-құрметті қалыптастыруға  бағытталған. Биылғы жылы түлектер 27 мамырда (немесе басқа күні) ҚазҰУ қалашығында фототүсірілімге (фотограф: Марат Кенесович 87013145910) тапсырыс бере алады.

 

Түлектер күніне байланысты ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізді факультет бойынша үйлестірушілерге жіберсеңіз болады. Олардың электронды мекен-жайы және телефон нөмірлері мына сілтемеде көрсетілген http://av.kaznu.kz/ru/22914/

 

Түлектер қауымдастығының байланыс нөмірлері: 87273773360, WhatsApp +77073418398.