Негізгі бет / Құттықтаулар! / «Білім фонды» АҚ президенті, механико-математикалық факультеттің түлегі Амандық Түлешовтің құттықтау хаты «Білім фонды» АҚ президенті, механико-математикалық факультеттің түлегі Амандық Түлешовтің құттықтау хаты

Әл-Фараби атындағы

 ҚазҰУ ректоры,

академик Ғ.М. Мұтановқа

 

 

Құрметті Ғалымқайыр Мұтанұлы!


      ҚазҰУ-дың 70-ші, 80-ші жылдардағы түлектері үшін, жоғары сапалы маман даярлау, ғылым мен техниканың жаңа бағыттарын дамыту, жаңа кафедралардың ашылуы, және ең бастысы ҚазҰУ қалашығының салынуы, ректор Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков есімімен тікелей байланысты. Біз ҚазҰУ-да оқитынымызды мақтан тұттық! Біздің университет, Кеңес Одағы бойынша ең үздік он университет қатарында болатын. ҚазҰУ дипломы баршамызға, ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуға мүмкіндік берді. Бұл, Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков жетекшілігімен дайындалған  кадрлардың жоғары сапасының дәлелі болып табылады.

      Бүгін, Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев алға қойған бес институционалды реформаларды жүзеге асыруда, ҚазҰУ барша міндеттерді сәтті орындауда. Өскелең ұрпақтың бойына еңбекқорлық, патриоттық сезім, өткенге деген сый-құрметті баулу – барша ҚазҰУ оқытушыларының борышы.

      Ө.А. Жолдасбековтың 85-жылдық мерейтойында Жолдасбеков атындағы зал ашылып, үздік студенттерге шәкіртақы тағайындалды. Осыған орай, Ө.А. Жолдасбеков басшылығымен жұмыс жасаған барша ұжымға, Альма-матерімізге үлкен алғысым білдіремін. Осынау университетіміздің шығармашылық тарихы, бәрі сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында деп білемін.

 

          «Білім фонды» АҚ президенті,

           механико-математикалық

           факультеттің түлегі                                                                                       Амандық Түлешов